«Сайрам» музейі

«Сайрам» музейі /  | Яндекс Афиша | ИнфоТаймс
Дата и время 30.12.2026, Среда, 21:00
Место проведения Площадка уточняется

Көрменің жұмыс кестесі: Дүйсенбі-жұма 09.00–18.00; Сенбі 09:00–13: 00; Техникалық күн — жексенбі.

Көрме 31.12.25 дейін жалғасады. «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Сайрам музейі» бөлімі.

Сайрам музейі 1992 жылы сәуір айында тарихшы, профессор М.

Мирхалдаровтың бастамасымен ашылды.

Сайрам музейі қорында 9 мыңға жуық жәдігер бар.

Музей экспозициясы 10 залдан тұрады. «Археология» экспозициялық залы: Жер астынан табылған көне заманғы қыш бұйымдар, дәрілік ыдыстардың жасау кезінде пайдаланған ошақтың бөлшектері қойылған.

Музей залындағы қыш құмыралар, ыдыстар, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениетінен мағлұмат береді. «Қазақ этнографиясы» экспозициялық залы: Қазақ халқының ерте замандардан келе жатқан руханияты мен салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігін және ата-бабаларымыздың тұрмыста қолданған заттары, түрлі әшекей-бұйымдары, киіз үйдің бөлшектері, киімдері, ыдыстары қойылған.

ХІХ–ХХ ғғ. бас кезінде қолданған әшекей-бұйымдар, үй жиһаздары, тұрмыстық заттар, ер-тұрмандары бар. «Исфиджаб қаласының шаруашылығы» экспозициялық залы: Қоқан хандарының суреттері, сол уақытта әйелдердің киген пәренжісі қойылған.

Сондай-ақ, еңбек құралдары, сауда-саттықта пайдаланған темір аспалы және жер таразылары, ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Сайрамдағы саяси-әлеуметтік оқиғалар, тарихи тұлғалар өмірі жайында баяндайтын құнды фотосуреттер, құжаттар, заттық деректер қойылған. «Екінші дүниежүзілік соғысы» экспозициялық залы: Сайрамнан шыққан Кеңес Одағының батырларының, соғыс ардагерлерінің киімдері, орден-медальдары, құжаттары қойылған.

Музейде 100-ге жуық жауынгерлердің заттары, тарихи суреттері жиналған. «Қоныс аударған славяндардың тұрмысы» экспозициялық залы: Славян халықтарының салт-дәстүрі, музыкалық аспаптары, дәстүрлі шараушылығы, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ыдыс-аяқтары мен пайдаланған заттары ұсынылған. «Өзбек этнографиясы» экспозициялық залы: Өзбек халқының ерте замандардан келе жатқан руханияты мен салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі және тұрмыста қолданған заттары, түрлі әшекей-бұйымдары, киімдері, тоқыма заттары, ыдыстары, музыкалық аспаптары қойылған. «Тәуелсіздік» экспозициялық залы: Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17–19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдарынан сыр шертетін фотосуреттер, ҚР Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жетістіктері туралы мәліметтер қойылған. «Еңбек ардагерлері» экспозициялық залы: Досметов Сыдық, Жамалов Ордабек, Н.

Юлдашев, Ж.

Аязбаев, С.

Мирсултанова, С.

Юлдашев, Н.

Сулейманов, Х.

Абдукадирова, Ш.

Досметов, Ю.

Мадиев, Т.

Хайтметовтардың суреттері, ордендері, медальдары, құжаттары, алғыс хаттары қойылған. «Табиғат» экспозициялық залы: Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстар, тау жыныстары, дәрілік өсімдіктер коллекциясы ұсынылған. «Тарихи-орындар» экспозициялық залы: Сайрам мекенінің архитектуралық ескерткіштерінің суреттері атап айтсақ, Ибраһим ата кесенесі, Қарашаш ана кесенесі.

Мірәлі баба, Әбдел Әзіз бап кесенелерінің суреттері қойылған.

Арабша кітаптардан «Насабнама», «Құран Кәрім» т. б. кітаптар бар.

Келу ережелері: Экспонаттарды қолмен ұстауға — тыйым салынады.

Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге — тыйым салынады. 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге келуі керек.

Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға музейге кіру — тегін. 7 жастан 18 жасқа дейін — балалар тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).

Барлық залдарда серуендеуге болатын уақыт 40-тан 90 минутқа дейін.

Бармас бұрын мұражайдың жұмыс уақытын ескеріңіз.

Техникалық күн-жексенбі.

Бұл күні мұражай жұмыс істемейді

Реклама. ERID: 25H8d7vbP8SRTvHZrUcdLB
«Сайрам» музейі
30.12.2026 | 21:00 | Среда
от 150 ₽
НАШ ПАРТНЕР
Яндекс. Афиша
Яндекс.Афиша — крупнейший агрегатор билетов на мероприятия в России.
ООО "Яндекс Музыка", ИНН: 9705121040
Узнать больше
Разделы мероприятия
Стоимость билетов от 150 руб.
Купить билеты * Безопасная покупка на сайте оператора

Похожие мероприятия

Животный мир Томской области / Выставка | Яндекс Афиша | ИнфоТаймс
23.11.2026, Понедельник, 21:00

Животный мир Томской области

Краеведческий музей им. Шатилова
Цена от 100 руб.
Подробнее
По следам плитки чая / Выставка | Яндекс Афиша | ИнфоТаймс
24.11.2026, Вторник, 21:00

По следам плитки чая

Краеведческий музей им. Шатилова
Цена от 100 руб.
Подробнее
Оперный дом / Выставка | Яндекс Афиша | ИнфоТаймс
24.11.2026, Вторник, 21:00

Оперный дом

Москва
Музей-заповедник «Царицыно»
Цена от 100 руб.
Подробнее
Акванариум Наутилус / Выставка | Яндекс Афиша | ИнфоТаймс
27.11.2026, Пятница, 21:00

Акванариум Наутилус

Наутилус
Цена от 200 руб.
Подробнее
А как мы без смартфона? / Выставка | Яндекс Афиша | ИнфоТаймс
28.11.2026, Суббота, 21:00

А как мы без смартфона?

Исторический музей Южного Урала
Цена от 300 руб.
Подробнее
Живые тропические бабочки (Мега (Порошкино)) / Выставка | Яндекс Афиша | ИнфоТаймс
28.11.2026, Суббота, 21:00

Живые тропические бабочки (Мега (Порошкино))

Мега (Порошкино)
Цена от 750 руб.
Подробнее
Избранное-2 / Выставка | Яндекс Афиша | ИнфоТаймс
28.11.2026, Суббота, 21:00

Избранное-2

Художественный музей им. Крамского
Цена от 300 руб.
Подробнее
Иван Языков. Город выпавших букв /  | Яндекс Афиша | ИнфоТаймс
28.11.2026, Суббота, 21:00

Иван Языков. Город выпавших букв

Бизon
Цена от 300 руб.
Подробнее
Возврат к списку