Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасы махаббат атты мәңгілік тақырып арқылы қазақ халқының қилы тағдыры мен рухани жарасын тереңнен қозғайтын көркем қойылым. Басты кейіпкерлер Бүркіт пен Бәтес адалдық пен шынайы сезімнің жолында жүйенің қатыгездігімен бетпе-бет келеді. Сахна төрінде Бүркіттің төрт күндік соты жүріп жатқанда, залда көрермен шындық пен жалғанның жігін жүрегімен ажыратады.
Қазақы киіз үйдің көз алдыда тігіліп, кейіннен құлауы бір дәуірдің құлауын, бірақ соның астарынан жаңғыруға ұмтылған рухтың үнін танытады. Сахнадағы үнсіздіктің өзі бұрмаланған тарихтың ашылмаған ақиқатын тілсіз жеткізеді. Бәтестің мөлдір жанары махаббат пен мұңның қос өзегін тоғыстырған сырлы әлем. «Мөлдір махаббат» бұл тек сезім емес, бұл жүректі шымырлатқан сағыныш, ұмыт болған ақиқат және ұлт рухының жаңғырығы.
Жас шектеуі: 14+
Характеристики
Место проведения:Драматический театр им. Жумата Шанина
Дата события:27.01.2026
День недели:Вторник
Яндекс. Афиша
Яндекс.Афиша — крупнейший агрегатор билетов на мероприятия в России.